29
ноябрь
2019
«Н.Назарбаев: өмірі мен қызмет шежіресі» тақырыбында кездесу – конференциясы
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнін мерекелеуді өткізу барысында 19.11.2019ж №52 бұйрығы шығарылып, бұйрық бойынша Тұңғыш президент күнін мерекелеу қоғамдық – саяси оқиғасы болып табылуына байланысты іс – шаралар жоспары жасалып бекітілді. Мектебімізде оқушыларға Тұңғыш Президентіміздің өмірі мен сара жолын насихаттау барысында жоспар бекітіліп, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспар бойынша мектеп кітапханашысы Г.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен 25 -29 қараша күндері аралығында тұңғыш президентімізге арналған көрме бұрышы ұйымдастырылды. Көрмеде тұңғыш президентіміздің портреті, кітаптары, қанатты сөздері қойылып, оқушыларға таныстырылды. 27 – қараша күні педагог – ұйымдастырушы Г.Қ.Қалқабаева мен кітапханашы Г.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен «Н.Назарбаев: өмірі мен қызмет шежіресі» тақырыбында кездесу – конференциясы өткізілді. Конференцияға жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар өз ойларын айтып, сұрақ – жауаптарымен алмасты.
