17
август
2022
Қайырымдылық жасасаң, Қайырымын өзің көресің
«Қайырымдылық жасасаң, Қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы .
Жетім, ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында «Қамқорлық» акциясына Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектеп ұжымы да атсалысты.
2022 оқу жылында «Қамқорлық» қайырымдылық акция аясында мектебімізде 26 оқушыға 276 000 теңге теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Қол ұшын созып, көмек көрсеткен демеушілеремізге, мектеп ұстаздарына жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілейміз.
Құрметпен «№26 орта мектеп» МКМ ұжымы.