2024 оқу жылында, қазіргі есеппен "Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну."
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
2024 оқу жылында, қазіргі есеппен «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 995 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған, 1-4 сыныпта 775 оқушы, 5-11 сыныпта 220 оқушы тамақтанады. Оқушылардың барлығы мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішуде. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін комиссия тобы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізіледі. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады. Асханада ас мәзірі мен оқушылардың тамақтану кестесі, сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі бар.
2024-2025 оқу жылындағы мектеп әкімшілігінің мектеп асханасындағы кезекшілік кестесі (кезекшілік уақыты 8.30-17.30)
- Кезекші міндетін атқарғанда мектеп құжаттарын басшылыққа алсын;
- Оқушылардың асханада тамақтану тәртібіне ерекше көңіл бөлінсін;
- Оқушылардың бекітілген кесте бойынша тамақтануы қадағалансын;
- Асхананың санитарлық жағдайы қадағалансын;
- Тамақтың ас мәзіріне сәйкес даярлануы бақылауға алынсын;
- Асханада тәртіптің сақталуына көңіл бөлінсін.
Мектеп асханасының санитарлық талапқа сай жұмыс істеуін және оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында төмендегі комиссия мүшелері құрылды:
Р. Калыкова – комиссия төрайымы, ДОІЖО
А.А. Тустыкбаева – медбике
Р.М. Джарменкеева – ата – аналар комитетінің төрайымы
З. Менисова – ата-аналар комитетінің төрайымы
О.В.Мамедоглы және Қ.К.Икласбаева - Қамқоршылық кеңес мүшесінің төрайымы
С.М.Кайсенов – ауыл белсенділісі
Д.Ж.Диқанбайқызы және Г. Мәлікқызы – әлеуметтік педагогтар, аталған комиссия мүшелері айына 2 рет асхананың санитарлық жағдайын және оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалап тексеріледі.
Сынып жетекшілер кезекшілік кестесі ауысым бойынша бекітіліп, жұмыс атқарылуда.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-ана чаты арнайы ашылып, күнделікті ас мәзірі салынып отырады; ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.