Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында Іле ауданы Н.Тілендиев аулындағы «№ 26 орта мектебі» 05.09.2022ж «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты тілдер айлығының ашылу кешін жоспарға сәйкес өткізді. » "№26 ОРТА МЕКТЕБІ" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№26 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында Іле ауданы Н.Тілендиев аулындағы «№ 26 орта мектебі» 05.09.2022ж «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты тілдер айлығының ашылу кешін жоспарға сәйкес өткізді.
07
сентябрь
2022

Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында Іле ауданы Н.Тілендиев аулындағы «№ 26 орта мектебі» 05.09.2022ж «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты тілдер айлығының ашылу кешін жоспарға сәйкес өткізді.

Жиынның мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Салтанатты кешімізді облыстық би байқауларының жүлдегерлері, мектебіміздің мың бұралған бишілері «Қазақ» биімен ашты. Ал, 8 «Ә» сыныбы жігіттері ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған би шешендеріміздің әңгімесінен көрініс өрбіте отырып, халық даналығын , тіл байлығын көрсетуге тырысты. Әсерлі көріністі тілі, діні бөлек болса да жүректері қазағымның домбырасымен үндесіп жатқан 8 «Б» сынып оқушылары Падерин Кирилл, Майемген Даниялдың орындауындағы « Адай» күйі дүбірлетіп өтсе, орта буын оқушылары тіл туралы орыс және ағылшын тілінде өлеңдер оқыды.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Оны дәріптеу біздің міндетіміз.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив