12
май
2022
Н.Тілендиев ауылы №26 орта мектебінде өрт қауіпсіздігінің алдыны алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілді.
Сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата-аналарға өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы бейнеролик көрсетіліп, «Өрт қауіпсіздігі» туралы баяндама оқылды. Бастауыш сыныптарда «Өртпен ойнама» тақырыбында сурет салдырылса, жоғарғы сыныптарда спорт үйірмелерінің жетекшілері «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында спорттық ойындар өткізді. «Жас құтқарушылар» тобының жетекшісі Нургазинов М.К. Өтеген батыр кентінде орналасқан «Іле ауданы төтенше жағдайлар бөліміне» оқушыларды апарып саяхат жасатты.Өрт қызметкерлерімен кездесіп «Өрттен қорғану,өртке қарсы құрал жабдықтарды қолдана білу» тақырыбында оқушылармен әңгіме жүргізді.



